Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
"Нұр-Сұлтанда коронавирустық індет басталғаннан бері 2520 адам вирус жұқтырған. Оның 1621 адамы немесе 64 пайызы емделіп, емханалардан шығарылды. Жақсы жаңалықтың бірі – COVID-19 жұқтырған аналар 11 сау нәрестені дүниеге әкелді", - деді Сәуле Қисықова.