Вьетнамда алтынмен көмкерілген қонақүй ашылды (фото)
Бес жұлдызды қонақүй Вьетнам елінің астанасында орналасқан. 25 қабаттан тұратын Dolce Hanoi Golden Lake қонақүйнің іші-сыртына дейін алтынмен көмкерілген.
Ғимараттың кіреберісі ғана емес, төбесі, қабырғасы, терезесі, тіпті есіктің тұтқасына дейін 24 каратты алтынмен жалатылған.
[caption id="attachment_49861" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
5 мың шаршы метрді алып жатқан қонақүйде 342 номір бар. Бөлмелер де, оның ішіндегі жиһаз, тіпті унитазға дейін алтынмен қапталған.
Бұл ғимарат 10 жыл бойы тұрғызылған екен.