Шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
5,244
оқылды
Қазақстан Президентіне  Үкімет бас­шысы биылғы 5 айдағы еліміздің әлеу­меттік-экономикалық дамуы, ко­ронавирус індетінің таралуына қар­сы күрес жұмыстары және сани­тар­лық-эпидемиологиялық ахуалды жақ­сарту жөнінде есеп берді. Сондай-ақ Премьер-министр Мем­лекет басшысына дағдарысқа қар­сы шаралардың жүзеге асырылуы, 2020 жылдың соңына дейін эко­но­ми­ка­лық өсімді қалпына келтіру жө­нін­дегі кешенді жоспардың орындалуы жә­не 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндады. Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус панде­мия­сы­ның салдарынан әлемдегі іскерлік бел­сенділіктің күрт төмендеуіне бай­ланысты биылғы қаңтар мен ма­мыр аралығында ұлттық эконо­ми­ка­ның өсу қарқыны былтырғы осы ке­­зеңмен салыстырғанда 1,7%-ға тө­мендегенін айтты. Үкімет бас­шы­сы­ның мәліметі бойынша, эконо­ми­ка­ның бірқатар саласында, атап айт­қанда тау-кен өндірісі, өңдеу, ауыл шаруа­шылығы, қызмет көрсету сала­ла­рында, сондай-ақ  негізгі капиталға ин­вестиция тарту бағытында өсімнің оң қарқыны байқалады. Асқар Мамин барлық сала бойын­ша көктемгі егіс жұмыстарының то­лық аяқталғаны туралы да мәлімет бер­ді. Бұдан бөлек, Премьер-Министр Пре­зидентке халықты жұмыспен қам­тамасыз етудің кешенді шаралары биыл еліміздің 1,22 миллион аза­ма­тын қамтитынын жеткізді. Қазақстан Президенті еліміздің бі­рінші жартыжылдықтағы даму қо­ры­тындыларын талқылап, дағдарыс сал­дарын еңсеру міндетін қою үшін биыл­ғы шілде айында Үкіметтің кеңей­тілген отырысын өткізуді жос­парлап отыр. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Ма­минге экологиялық туризмді дамыту жө­нінде және басқа да бірқатар нақ­ты тапсырма берді.