Мөлдір Әуелбекованы талқылауға себеп болған видео не туралы?
Мөлдір Әуелбекованы талқылауға себеп болған видео не туралы?
©сурет интернеттен алынды
267
оқылды
Екінші мәрте тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі бүгінде ел аузында. Бұған дейін желі қолданушылары әншінің жолдасы кім екенін біле алмай әлек болса, енді өнер иесінің аяғы ауыр екенін жарыса болжауда. Олардың мұндай тұжырымына эстрада жұлдызының тарап кеткен видеосы себеп болған  екен. [embed]https://www.instagram.com/p/CBGm4jZi3G3/[/embed] Онда әнші елордадағы көпірде серуендеп жүргені салынған. Басына қара орамал тартып, үстіне кең киім киіп алған Мөлдірдің бұл қылығын адамдар  жақсыға жорыды. Тіпті, өнер иесінің өмірін бақылап жүретін желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаның  қызу  талқылап та тастады.  "Құтты болсын, аяғыңыз ауыр екен" , "Жақында ғана тұрмысқа шықты ғой. Жүкті сияқты" , "Құтты болсын, бөпелі болайын деп жүр екенсіз" , "Аяғыңыз ауыр ма?" , "Шынымен екіқабат екен. Жүрісінен көрініп тұр" , "Аяғы ауыр сияқты ғой" , – деп жазуда көпшілік. Алайда, әншінің өзі де оның ресми өкілі де жүктілікке қатысты ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.