Бұл туралы ақпаратты облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, облыстық соттың 9 судьясынан COVID-19 анықталды. Әріптестерім дәрігерлердің бақылауында, оқшауланды. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында облыстық сот жабылды. Барлық қызметкер жеті күнге үйдегі карантинге жіберілді. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан онлайн жұмыс істеп жатыр", - деді сот төрағасы.
Оның айтуынша, соттың барлық қызметкері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырды.
Еске салайық, мұның алдында Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық сотының карантинге жабылғаны хабарланған еді.