Елімізде тағы 34 бағытта жолаушылар пойызы қатынай бастады
Елімізде тағы 34 бағытта жолаушылар пойызы қатынай бастады
145
оқылды
10 маусымнан бастап елімізде тағы 34 жолаушылар пойызының қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
«Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен 10 маусымнан бастап Қазақстан бойынша көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, тағы 34 (Құлсары, Мақат және тағы басқа станциялардағы карантиндік режимге байланысты 5 пойыздан басқа) жолаушылар пойызы іске қосылады», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, ұлттық компания өкілдері жазғы кезеңде Алакөл көліне 11 маусымынан бастап «Өскемен-Достық» және «Семей-Достық» пойызы күн сайын қатынайтынын атап өтті. Сонымен қатар 14 маусымнан бастап «Алматы 2 – Достық» пойызы аптасына үш рет қатынайтын болады. Ал 18 маусымынан «Нұр-Сұлтан 1 – Достық» пойызы аптасына екі рет жүреді.
«Мемлекеттік шекаралар ашылғаннан және басқа мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерімен келісілгеннен кейін қалған бағыттар кезең-кезеңімен іске қосылады», - деп хабарлады компания өкілдері.