Мамырда пияз қымбаттап, орамжапырақ арзандаған
Мамырда пияз қымбаттап, орамжапырақ арзандаған
© Sputnik / Владислав Воднев
298
оқылды
Мамыр айының қорытындысы бойынша жемістер мен көкөністердің тұтыну бағасы бір айда 1,5%-ға өскен, ал бағаның жылдық өсімі - 10,1%. Оның ішінде картоп бағасы айтарлықтай өскен: бір айда - 7,9%, бір жылда - 45,8%. Ал жемістердің бағасы бір айда 6,1%-ға, бір жылда 26,4%-ға өскен. Бұл туралы мәліметті ranki .kz жариялады. Бір айда жемістер мен көкөністердің бағасы аспандаған өңірлерге Шымкент (4,6%), Маңғыстау (+4%)  және Атырау облыстары (+3,7%) кіреді. Ал, бағаның төмендеуі төрт өңірде байқалды: Қарағанды облысы (−3,4%), Нұр-Сұлтан (−0,6%), Павлодар облысы (−0,2%) және БҚО (−0,1%). Бір жылдағы көрсеткішке тоқталсақ, Шымкент (+23,9%), Ақтөбе (+16,1%) және Маңғыстау (+15,1%) облыстарында айтарлықтай өсім бар.