FlyArystan бағдарлар кестесін кеңейтіп, Атырау қаласында жаңа бекетті ашты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Рейстер 2020 жылдың 15 шілдесінен бастап орындала бастайды.
Жайлы Airbus A320 ұшақтары мұнай астанасынан жаңа 9 бағыт бойынша қатынайтын болады. 25 қазанға дейін орындалатын рейстерге билеттер компанияның ресми сайтында сатылымға түсті.
Бұдан былай жолаушылар алдын ала 4999 теңгеге Атыраудан Ақтауға, Оралға және Ақтөбеге билеттер сатып ала алады. Сондай-ақ атыраулықтар Қостанайға, Қызылордаға, Шымкентке, Қарағандыға, Нұрсұлтан мен Алматыға рейстер орындайды.
Минималды билет құнына кездейсоқ орын мен 5 кг қолжүгін рәсімдеуге мүмкіндік бар. Жолжүк, тағам мен орынды таңдау қосымша қызметтері жолаушы қалауымен бөлек төленуі тиісті.
FlyArystan-ның Коммерциялық директоры Жанар Жайлауованың айтуынша Атырау облысы еліміздің ең қарқынды дамыған индустриалды аймағы ретінде, ішкі әуенарықтың дамуына зор үлесін қоса алады.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай аяқталып, рейстердің жандануынан кейін, яғни 12 мамырдан бастап FlyArystan Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қайта ұша бастады. Өткен бір айдың ішінде тасымалдаушы 70 мыңнан астам жолаушыны діттеген жеріне жеткізіп үлгерді. 10 бағыт бойынша рейстердің орташа коэффициенті 91% құрады.