Баянауылдағы Жасыбай демалыс орнының кіреберісіне блок-бекет қойылды
Баянауылдағы Жасыбай демалыс орнының кіреберісіне блок-бекет қойылды
©Сурет интернеттен алынды
256
оқылды
Демалыс орнын жабуды Баянауыл ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Аянбек Кәрібжанов бұйырған екен. Енд демалыс аймағына баратын адамдардың дене қызуы тексеріледі. Тіпті, дәрігер Баянауыл ауданының әкімі Кәрімов Қанат Сарсенұлына мына іс-шараларды жүргізуді тапсырған: - Жасыбай демалыс аймағына кіретін және шығатын жерлерде блок-бекеттердің орнатылуын қамтамасыз ету; - бақылау-өткізу пунктінде демалыс аймағына баратын адамдардың дене қызуын тексеруді қамтамасыз ету; - демалыс аймағына кірушілерден анкета алу; - COVID-19-ға күдікті адамдар табылған жағдайда оқшаулау.