Биыл 9 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын елдегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат ететіні жайында мәлімдеме жасаған еді.
Алайда Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандардың саны көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, енді тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.
Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.