80-ге келген ақсақал туу туралы куәлігін енді алды
80-ге келген ақсақал туу туралы куәлігін енді алды
©Сурет интернеттен алынды
5,266
оқылды
Өзбекстанның Андижан облысы Ходжаабад ауданының тұрғыны, 80 жастағы Обиджон Абдунабиев алғаш рет туу туралы куәлік пен төлқұжат алыпты. Бұл туралы centralasia.media сайты жариялады. Обиджон Абдунабиев  негізі 1940 жылы Ходжаабад ауданында дүниеге келген. Бірақ осы уақытқа дейін жеке тұлғасын растайтын құжаттары болмаған. Соның кесірінен қарияның көпжылдық жұмыс өтілі есепке де ілінбеген. Қазір ақсақал зейнетақы ала алмай отыр. Ол осыдан 65 жыл бұрын құжаты болғанын, бірақ оны жоғалтып алғанын тілге тиек етті. Өз құжатын қайта қалпына келтіруге тырысқанымен, нәтиже шығаралмаған. Тексеріс барысында Обиджон Абдунабиевтің үйде туғанын, әкесі 1942 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы майдан алаңында қаза тапқанын растап отыр. Сол үшін оған туу туралы куәлік де берілмей қалған екен.