Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
123
оқылды
12 маусым күні ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық болады, кей өңірлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.