"Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады": Елорданың бас санитары кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікірін айтты
"Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады": Елорданың бас санитары кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікірін айтты
131
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада кинотеатрлардың ашылуына қатысты түсінік берді. «Кинотеатрлардың ашылуы тақырыбына тоқталсақ, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде тиісті қаулы әлі шығарылмады. Егер де қаулыны шығаратын болсақ, онда көрермендерді отырғызудың барлық алгоритмдері мен кинотеатрларды ашу кезіндегі қажетті шаралар ескеріледі», - деді Жанна Пірәлиева Орталық коммуникациялар қызметінде. Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Ведомствоаралық комиссия бірқатар мекемелердің жұмысын жандандырып, блокпостарды ашу туралы шешім қабылдады. Осы орайда 15 маусымнан бастап кинотеатрлар көрермендерге есігін айқара ашады. Бірақ санитарлық талаптардың сақталуы міндеттеледі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанна Пірәлиева елордада коронавирусқа қатысты талаптар орындалмаған жағдайда карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты.