Нұрлан Қабдайдың «Сұр әңгіме» жинағы жарық көрді
Нұрлан Қабдайдың «Сұр әңгіме» жинағы жарық көрді
516
оқылды
Проза жанрында өз қолтаңбасымен танылып жүрген жазушы, «Әдебиет порталы» интернет жобасының жетекшісі Нұрлан Қабдайдың «Сұр әңгіме» атты кітабы жарық көрді. Елордадағы «Өрнек» баспасынан шыққан бұл кітапқа жазушының кезінде «Қазақ әдебиеті» газеті мен интернет порталдарда жариялаған әңгімелері жинақталған. Нұрлан Қабдай

Нұрлан Қабдай – өзіндік стилі мен жазу машығы қалыптасқан қаламгер. «Сұр әңгіме» кітабына жазушының 19 авторлық, 5 аударма әңгімесі енгізіліп отыр. Қашан да жазу мәнеріне баса мән беріп, қисынды ой мен келісті сөзді ұсына білетін автордың аталмыш кітабына өмірдің өзінен алынған оқиғалар мен жағдаяттар арқау болған. Әр шығармасында тіл тазалығын, сөзді дұрыс қолдану тәртібін берік сақтайтын жазушының жинағы оқырман қауымды қуантары сөзсіз.

«Айқындықтар» Нұрлан Қабдайұлын тырнақалды туындысының жарық көруімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.