Банк салық төлемеген адамға шот ашудан бас тарта алады
Банк салық төлемеген адамға шот ашудан бас тарта алады
©Сурет интернеттен алынды
5,192
оқылды
Екінші деңгейдегі банктер салық төлемеген немесе салық бойынша қарызы бар адамдарға шот ашудан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы бүгін халықпен есеп беру кездесуінде ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Салық заңнамасына сәйкес, банктер салық бойынша берешегі бар салық төлеушілерге банктік шот ашудан бас тартуға міндетті. Сонымен қатар, банктер белсенді емес салық төлеушілерге банктік шоттар ашудан бас тарта алады, - деді министр.