Облыстың бас санитар дәрігері қаулыға қол қойды. Бұған себеп, облыстағы коронавирус жұқтырғандардың саны 6,5 пайызға өсуі.
Қаулыға сәйкес, 12 маусымнан бастап облыста интернет және компьютерлік клубтардың; балалар аттракциондарының, фудкорттардың, соның ішінде ойын-сауық орталықтары, саябақтар, скверлер, аллеялар, кафелер, түнгі клубтар, кальян мен караоке қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.
"Азық-түлік дүкендерінің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмыс тәртібі онлайн-тапсырыс және жеткізу объектілерін қоспағанда, сатып алушылар арасындағы әлеуметтік қашықты, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектелген.
Қоғамдық тамақтану объектілері (оның ішінде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін үстел арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және 50 адамға дейін келушілердің санын шектей отырып жұмыс істеуі тиіс.