Мұндай шешімді облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев шығарды. Шығарылған қаулы бойынша, 14 маусым сағат 00:00-ден бастап Жамбыл облысында карантиндік шара күшейтіледі.
Әзірге, азаматтардың көлікпен Жамбыл облысының аумағынан және облыстың барлық елді мекенінен кіріп-шығуына рұқсат бар. Алайда облыс пен елді мекендердің арасындағы халықтың қозғалуына кешкі 22.00-ден 06.00-ге дейін тыйым салынған.
Ал 15 маусымнан бастап Таразға тек арнайы рұқсатнамасы бар азық-түлік тасымалы мен қоғамдық көліктер таңғы 07.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін жүруге рұқсат етілген.