"Украина президентінің әйелі Елена Зеленскаяның COVID-19-ға тест нәтижесі оң болды. Елдің бірінші ханымы өзін жақсы сезінеді және ауру белгілері жоқ. Қазір Елена Зеленская амбулаторлық емдеуде, отбасы мүшелерінен оқшауланған. Украина президенті Владимир Зеленский мен балалар да тестілеуден өтті, олардың нәтижесі теріс",- делінген Telegram-дағы Украина басшысы кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл жайында РИА Новости хабарлады. Бұған дейін Зеленский "бұл оба емес" екенін көрсету үшін коронавирус жұқтырғысы келгенін мәлімдеген еді.
Әзірге, Елена Зеленскаяның қай жерде және қашан жұқтырғаны белгісіз, эпидемиологиялық тексеріс жүріп жатыр.