Бұл қылмыстың егжей-тегжейімен Атырау облыстық Қылмыстық басқарма дирекциясының ерекше маңызды істер бойынша аға тергеушісі Әділхан Уразбаев бөлісті.
Былтырғы жылдың сәуір айында Атырауда бес азамат адам ұрлығы мен өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу барысында 28 жастағы әйел өзінің азаматтық некеде тұрып жатқан азаматын өлтірмекші болған. Себебі, әлгі азаматы нашақор болған, ал әйелдің өзі психотроптық есірткіні заңсыз сатумен айналысқан екен. Соған қатысты арада кикілжің де көп болған.
Қылмыстық іс материалдарын тексере келе, әлгі азамат бірге тұратын әйелді пышақпен қорқытып, оның жеке куәлігі мен ұялы телефонын тартып алған. Содан кейін оның өзін есірткімен қамтамасыз етуін талап еткен.
Міне, сол күннен бастап келіншек әлгі азаматты ұрлап, оны өлтіруді ойға алған. Тіпті, сол ойымен өзінің төрт танысын шақырып алып бөліседі. Сөйтіп, олар пәтерді күзетіп жүріп, әлгі азаматты ұстап алады. Оны қан жоса етіп ұрып-соғып, байлап алып, артынан көлікке салып алып, қаладан шығысымен оны тірідей көміп тастаған.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ол дем жетпей қалудан қаза болған. Сот барлығын айыпты деп тауып, оларды 15 жылға бас бостандығынан айырды.