Айбек Нұғымаров Семейдің инфекциялық ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр
Айбек Нұғымаров Семейдің инфекциялық ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр
фото: ашық дереккөз
189
оқылды
Семейде екі колледж директоры коронавируспен ауырды. Оның бірі танымал спортшы Айбек Нұғымаров, деп хабарлайды қала әкімдігінің Instagram парақшасы. «Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне қаладағы екі колледж директоры түсті. Бірі - Электр техникалық колледж директоры Азат Сәрпеков, екіншісі - Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров», - делінген хабарламада. «Құрметті жерлестер, мына жаман індет бізге де жұқты. Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Осыдан бір апта ауру анықталды. Қазіргі кезде аурудың кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз. Сақтандыру шараларын жеткілікті қолданбағанның кесірінен деп ойлаймыз. Күнделікті жұмыстармен біраз азаматтармен кездескен болатынбыз. Басында бізде (коронавирус инфекциясына) іштей сеніңкіремеген едік. Бұл індеттің бар екені рас, ол ешқандай қауесет не саясат емес», - деді Айбек Нұғымаров. Семей әкімдігі тұрғындарға сақ болып, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 1 шілдеге дейін ұзартылды.