АҚШ-та полицей тағы бір афроамерикалықты атып өлтірді
АҚШ-та полицей тағы бір афроамерикалықты атып өлтірді
©Georgia Bureau of Investigation
241
оқылды
Джорджия штаты Атланта қаласында тағы бір афроамерикалықтың қайтыс болуына байланысты шерулердің жаңа толқыны басталды. Бұл жолы да полицей афроамерикалықты ұстау кезінде жарақаттаған, кейін ол ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Washington Post газеті жазады, - деп хабарлайды РИА Новости. Әлеуметтік желілерде тараған видеоға штат полицейлері жауап берді. 27 жастағы қара нәсілді ер адам Рейшард Брукс жұма күні кешке полицей қолынан қайтыс болды. Ақпарат бойынша, құқық қорғау органдарына кафе алдындағы тұрақта автомобильде ұйықтап қалған адамға шағым түскен. Полиция қызметкерлері одан алкогольге тест алып, ол оң нәтиже көрсеткен, кейін жанжал кезінде ер адам полиция қызметкерінің электрошок қаруын жұлып алып, қашып кетпек болған, содан кейін полицей оған оқ атқан. Брукс операциядан кейін ауруханада көз жұмды.