Қытайдың Ақсай ауданында киіз үй паркі ашылды
Қытайдағы Ақсай қазақ автономиялы ауданы саяхат кәсібін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білген. Ол үшін туризмді мықтап ілгерілету үшін қазақтың киіз үй мәдениетін пайдалану керек деп шешкен, -деп хабарлайды kazakcnr.com сайты. Ақсай ауданының қазақ киіз үйі мен бизнесті қатар дамытуды мақсат еткен паркте көңіл ашу алаңы, жасанды тау, шағын көл сияқты көрініс аудандары салынған. Сондай-ақ 13 қазақ киіз үйінен дайындалған қонақжай әзірленді.
[caption id="attachment_50821" align="alignnone" width="800"] ©kazakcnr.com[/caption]
Демалыс паркі биыл мамырдың басында жұмыс істей бастаған. Киіз үйдің іші қазақ ұлтының мәдениеті бойынша безендіріліп, ұлттық ерекшелікке, дәстүрге сай қонақ қабылдайды. Ақсайға келген туристер қазақтың киіз үйінен жасалған ұлттық ерекшелікке ие қонақ үйлер көңілдерінен шыққанын айтады.
«Өзгеше ұлттық ерекшелікке ие, тазалық шарт-жағдайы жақсы, жуынуға да қолайлы, қай жағынан болсада замандық талапқа сай екен. Басқа қонақүйлермен салыстырғанда адамға ұлттық мәдениеттің өзгешелігімен таңдандырады» дейді туристердің бірі.
«Аталған демалыс паркіне қонақтардың берген жақсы пікірлерінен кейін жергілікті үкіметте оларды қолдай бастады», деп түйіндейді қытайлық БАҚ.