Алматыда биыл 56 мың жұмыс орны ашылады - Сағынтаев
Алматыда биыл 56 мың жұмыс орны ашылады - Сағынтаев
© сурет интернеттен алынды
191
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мегаполисте жұмысқа тұру жүйесінің қалай атқарылатыны туралы бейнеролик жариялады. Бейнероликте келтірілген мәлімет бойынша биыл қалада 56 мың жұмыс орны құрылмақ. Оның ішінде 25 мың жұмыс орны «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы бойынша ашылады. Осы бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асатын болады.
«Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. «Екі қолға бір күрек іздеген» 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі», — деп жазды Алматы әкімі.