Шетелден келушілерді жаңаша қабылдайтын болды
Шетелден келушілерді жаңаша қабылдайтын болды
©Сурет интернеттен алынды
189
оқылды
Естеріңізге салсақ, Қазақстаның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Қазақстан тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысын өзгерертті. Енді елде шетелдік рейстерді үш санатқа бөліп қабылдайды.  Бірінші санатқа Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия және Таиланд кіреді. Осы елдерден келгендер анкеталық сұраққа жауап беріп, ыстығын өлшейтін болады. Екіншісі - Түркия. Бұларға термометрия мен сауалнамадан бөлек тағы екі шарт бар. Қазақстанда еркін жүріп-тұру үшін оларға келген күннен бастап 5 күннен аспайтын COVID-19-дың терістігін көрсететін анықтама болуы тиіс. Оны куәландыратын құжат болмаса, ол азаматтар екі күн ауруханаға жатқызылып, коронавирусқа тексеріледі. Ал Қазақстан үкімет делегацияларының мүшелері, Қазақстанға Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келген басқа елдердің ресми делегациялары мен халықаралық ұйымдардың мүшелері; Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдеріне және олардың отбасы мүшелеріне; авиакомпания экипаждары бірыңғай жағдай ретінде қарастырылған. Үшінші санатқа, әуе сапарларына тыйым салынған барлық басқа елдер кіреді.