Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды
Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды
390
оқылды
12 маусым күні Жамбыл облысы Қордай ауданына жұмыс сапарымен келген  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбев мінген тікұшақтан ақау шығып,  апатты жағдайда  қонуларына тура келген. Бұл  жайында  «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі хабар таратты. «Тікұшақ Жамбыл облысындағы Қордайда тәртіпсіздік болған аумақты айналып жүргенде есептегіш гидравликалық жүйе істен шыққан. Бортта Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Оларда бәрі жақсы. Барлығы дін-аман екінші бортқа отырғызылды. Енді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, яғни Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Министрлігімен ақауды анықтау үшін комиссия құрылады. Комиссия тікұшақтың бұзылу себептерін анықтайды», – дейді ІІМ ТЖК «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Анар Хамитова. Осылайша Премьер-Министр Мамин мен облыс әкімі Сапарбаевты Құдай қағып отыр. Аталған жайт бойынша қазір арнайы тексеріс жұмыстары басталды.  Естеріңізге сала кетсек, қос лауазымды тұлға да кешеден бері коронавирус індетіне байланысты оқшаулауда жатыр.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы