Таразда төбелестен бір бала көз жұмды
Таразда төбелестен бір бала көз жұмды
Фото ашық дереккөзден алынды
170
оқылды
13 маусым күні облыстық балалар ауруханасына тараздық кәмелетке толмаған төрт жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен түскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдердің бір-бірімен ерегісіп, төбелесуі салдарынан жарақат алғандарын анықтаған. Жамбыл облыстық полиция департаменті берген ресми ақпаратқа сүйенсек, төбелес кезінде жасөспірімдердің бірі пышаққа ұқсас өткір затпен екіншісіне дене жарақатын келтіріп, салдарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болған. Қазіргі уақытта төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, жауап алынып отыр. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өзге де ақпарат көздеріне сүйенсек, топтасып төбелескендер 2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер болған. Ал марқұм пышақ жарақатынан көз жұмғаны анық. Осылайша тараздық тентектер топтасып төбелесіп, тағы пышақтасып отыр. Бұның арты қайғылы оқиғамен аяқталғаны өкінішті, әрине.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы