Экспедиция құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан келген танымал фотографтар енді. Олар түбектің көрікті жерлерінің сұлулығын ашу үшін тәуліктің әртүрлі уақытында Маңғыстаудың бірегей жерлерін аралап, суретке түсірді.Экспедиция мүшелері атап өткендей: «Маңғыстау - табиғатының сұлулығын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес, ал сиқырлы аура осы жерге қайта оралуға мәжбүр етеді екен». [caption id="attachment_51075" align="alignnone" width="682"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Фото-экспедицияның негізгі мақсаты- шетелдерге жұмбақ және әдемі, көркем жерлерді, қазақ дәстүрлерін, мәдениеті мен өнерін көрсету болды. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері 4 күн ішінде Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарына барып, алғашқы рет таңертең және түнгі уақытта облыстың қасиетті жерлерінің суреттерін таспаға түсірді. [caption id="attachment_51076" align="alignnone" width="683"] ©Оңғарбек Алһаров[/caption] Экспедицияға қатысушылар Бозжыра, Ыбықты, Тамшалы, Жығылған, Саура, Шерқала, Айрақты және т. б. Маңғыстаудың жұмбақ орындарын аралады. Түбек қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын терең құрметтейтін өлке.
Түйе шаруашылығы жақсы дамығандықтан Маңғыстау «шұбаттың отаны» деп саналады. Бұл бірегейлікті біз ұрпақтарымызға және фотосуреттерді мыңдаған сөздің орнына құрал ретінде жеткізгіміз келеді, - деп атап өтті «Фотоөнер» ҚБ мүшесі Мақсат Шағырбай. Маңғыстаудың көрікті жерлерімен қатар экспедиция мүшелері Ақтау жағалауына жұмыс сапарының соңғы күнін арнады. Балалар, жастар, ересектер жүгіріп ойнаған балалар суретке тақырып болды.[caption id="attachment_51077" align="alignnone" width="1024"] ©Оңғарбек Алхаров[/caption] Экспедиция құрамының жас фотографтарға шеберлік сағатын өткізу жоспарланған. Болашақта онлайн оқыту өткізілмек. Осылайша, белгілі фотографтардың 7-ші экспедициясы Маңғыстауда да өтті.
- Фотосурет- бұл бір ұғым, бірақ бірнеше жанр. Біз ғаламтордан әлемнің әдемі орындарын іздеген кезде, кәсіби суреттер табыла қояды. Ал бізде керісінше, іздеуші әуесқойлар жасаған сапасыз фотосуреттерге тап болады. Сондықтан да біз бұл істі қолға алдық, - деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, «Фотоөнер» ҚБ мүшесі Оңғарбек Алхаров.
Жазира Қуанышбекқызы