"Рахат" фабрикасы қызметкерлерінің үштен бірі коронавирус жұқтырған екен
"Рахат" фабрикасы қызметкерлерінің үштен бірі коронавирус жұқтырған екен
©Сурет интернеттен алынды
445
оқылды
Тексеру кезінде Алматыдағы «Рахат» кондитерлік фабрикасы жұмысшыларының үштен бірінде коронавирус табылған. Бірақ олар - симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 15 маусымда өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, 30 мамыр мен 4 маусым аралығында кәсіпорында инфекцияның 10 жағдайы тіркелген. «Алдымен зауыттың бір қызметкеріне ота жасалуы керек еді. Соған дайындық барысында тексеруден өткен. Міне, сол кезде онда коронавирус табылған. Содан кейін бір күнде жұмысқа келген сегіз қызметкердің ыстығы бар болып шықты. Зертханалық зерттеу кезінде оларда коронавирус инфекциясы анықталды », - деді Бекшин. Зауыттың бір жарым мыңға жуық қызметкері тексеруден өтті. Оның 467 вирустың симптомсыз түрі. Бәрі «үй карантиніне жіберіліп, емхана дәрігерлерінің бақылауына алынды», - деді Жандарбек Бекшин.