Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды
Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды
165
оқылды
Ақорда үстінде найзағайдың жарқылдаған сәті камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Түнгі астананың аспанында жарқ еткен найзағайды Абай Сарқұлов есімді желі қолданушысы видеоға түсіріп үлгерген. "Найзағай ойнаған сәтін түсіріп алдым! Құдіретті жаратқан Ием", - деп жазды ол Facebook-те. Желі қолданушылары таңғажайып табиғи құбылысты қызықтап, өз парақшаларында бөлісіп жатыр. Айта кетсек, 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында күн күрт суытты. Көшпелі бұлт өтіп, түнде нөсер жауын жауды. Соның салдарынан қала көшелерін тағы су басты. https://www.facebook.com/abay.sarkulov/videos/3920217621383039/?t=11