Қазақстанда қырғыз автокөліктерін заңдастыра аламыз ба?
Қазақстанда қырғыз автокөліктерін заңдастыра аламыз ба?
©Сурет интернеттен алынды
255
оқылды
Бұл жайында Әкімшілік полиция комитетінің маманы жауап берді. Комитет төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, бұл елден әкелінген көліктер  екі түрлі категорияға жатады.
«Үкімет қаулысында осыған қатысты нақты санат көрсетілген. Алайда Қырғызстаннан әкелінген автомобильдер бұл санатқа жатпайды. Бірақ ол көліктер шетелдік азаматтардың атында тіркелгендіктен, олар халықаралық қозғалыс режимінде», - деді ол. 
Сонымен қатар ол Қазақстанда оң рулді көліктерді тіркеуге мүлдем тыйым салынғанын еске салды.