Нұр-Сұлтанда шетелдік азаматша пәтер тонап, 20 миллион теңгенің бұйымдарын ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтанда шетелдік азаматша пәтер тонап, 20 миллион теңгенің бұйымдарын ұрлап кеткен
©Сурет интернеттен алынды
5,206
оқылды
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер пәтерге үй иесінің шақыруымен бірнеше рет келіп кеткен екен. Осы кездесулердің бірінде ол ер адамның сенімін пайдаланып, 20 миллион теңгенің бұйымын ұрлап кеткен.
Ол пәтерден қымбат швейцарлық сағат, зергерлік бұйымдар, брендтік киім мен басқа да бағалы заттарды иеленіп кеткен. 
Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.