«ҰБТ өткізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес ҰБТ-ға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі – көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балаларға «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10 589 болып тіркелген) бойынша жеңілдік жасалады. Бұйрық бойынша мемлекеттік комиссия төрағасының атына мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынып, жеке аудиторияның қажеттігі және көру, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы қосымша өтініш бере алады», – дейді Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті жанындағы ҰБТӨП филиал басшысы Набира Талғатқызы.
Яғни, арнайы анықтамасы бар мектеп бітірушілер немесе олардың ата-аналары мемлекеттік комиссияға келіп өтініш жазады. Өтініш мемлекеттік комиссия отырысында қаралып, арнайы шешім қабылданып, қаулы шығарылады. Қаулыда бөлек аудитория немесе көмекші (пән мұғалімі болмау керек) беру қарастырылады. Қысқасы, ерекше балаларға ерекше жағдай жасалмақ.