ҰБТ – 2020: мүмкіндігі шектеулі талапкерлерге жеңілдік жасалады
ҰБТ – 2020: мүмкіндігі шектеулі талапкерлерге жеңілдік жасалады
370
оқылды
«ҰБТ өткізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес ҰБТ-ға қа­тысу үшін мүмкіндігі шектеулі – көру, есту, тірек-қимыл аппа­ратының функциялары бұзылған балаларға «Медициналық-әлеу­меттік сараптама жүргiзу ере­жесiн бекiту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистрінің 2015 жылғы 30 қаң­тардағы №44 бұйрығы (Нор­­мативтік құқықтық актілерді ­мем­лекеттік тіркеу тізілімінде №10 589 болып тіркелген) бо­йынша жеңілдік жасалады. Бұй­рық бойынша мемлекеттік ко­миссия төрағасының атына мү­ге­дектікті белгілеу туралы құ­жатты ұсынып, жеке аудитория­ның қажеттігі және көру, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұға­лімі болып табылмайтын көмек­ші және көру функциялары бұ­зылған мүгедек балалар және мү­гедектер үшін ымдау тілін бі­летін маманның қажеттілігі ту­ралы қосымша өтініш бере ала­ды», – дейді Қазақ экономи­ка, қаржы және халықаралық сау­да университеті жанындағы ҰБТӨП филиал басшысы На­бира Талғатқызы. Яғни, арнайы анықтамасы бар мектеп бітірушілер немесе олардың ата-аналары мемле­кет­тік комиссияға келіп өтініш жа­зады. Өтініш мемлекеттік комис­сия отырысында қаралып, ар­найы шешім қабылданып, қаулы шы­ғарылады. Қаулыда бөлек ау­ди­тория немесе көмекші (пән м­ұ­ғалімі болмау керек) беру қа­рас­тырылады. Қысқасы, ерекше ба­лаларға ерекше жағдай жасалмақ.  

Жанна ТІРКЕШБАЙҚЫЗЫ