Коронавирус анықталса, парацетамол мен асперин ішіңіз - Сәуле Қисықова
Коронавирус анықталса, парацетамол мен асперин ішіңіз - Сәуле Қисықова
750
оқылды
Тест тапсырып, коронавирус анықталса алдымен не істеу керегін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. 
  •  Біріншіден, үйден шықпаңыздар, оқшаулану;
  • Екіншіден, маска тағу;
  • Үшіншіден, күніне 3 рет термометрия жүргізу;
  • Төртіншіден, жеке бастың тазалығын сақтау;
  • Бесіншіден, тамақ ішетін ыдыстар жеке болуы керек;
  • Алтыншыдан, бөлмені желдетіп отыру қажет.
Сондай-ақ, Сәуле Қисықова дене температурасы көтерілсе, қандай дәрі ішу керегін түсіндірді.

"Дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмм мөлшерінде парацетамол және күніне 1 рет аспирин ішіңіз. Оның дозасы 150 миллиграмм болуы керек. Сонымен қатар, қанды сұйылту үшін таблетка түріндегі Тромбо АСС, кардиомагнил сияқты дәрілерді ішуі керек", - деді ол.

Басшы коронавирус инфекциясы кезінде дене қызуы 3-5 күн бойы көтерілетінін жеткізді. Ол мұндай жағдайда үйде емделмеу керегін жеткізді.