Сот Әсия Төлесованың қамауға алынуын тағы 10 күнге ұзартып тастады
Сот Әсия Төлесованың қамауға алынуын тағы 10 күнге ұзартып тастады
©Сурет интернеттен алынды
226
оқылды
Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Марал Жарылғасова кездесу барысында видеоконференция арқылы мәлімдеді. 
«Істі қарастырған күннен бастап, бұлтартпау шарасы 10 күнге - 2020 жылдың 28 маусымына дейін ұзартылды», - деді ол.
Оның айтуынша, оған тергеушінің сотқа дейінгі тергеу кезінде «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын ұзарту туралы өтініші себеп болған. Сот оның қамауға алуын тағы 10 күн, 28 маусымға дейін ұзарту туралы шешім шығарды.
Еске салсақ, 10 маусымда белсенді Әсия Төлесова 10 тәулікке қамалған болатын. Ол 6 маусымда рұқсат етілмеген митингі кезінде полиция қызметкеріне  күш қолданды деген күдікке ілініп отыр.