Алматыдағы компьютерлік клубтың бірі түн ортасына қарамастан зейнеткерлер толы болып шықты. Олар ғимараттың ішінде темекі шегіп, ішімдік ішіп, құмар ойындарын ойнап отырған.
"Клубта ешқандай антисептик жоқ. Арадағы 2 метрлік қашықтықты да сақтап отырған ешкімді көрмедік. Бұл жерде жүргендердің басым көпшілігі 65 жастан асқан қарттар. Дәл сол аралықтағы адамдарда коронавирусты жұқтырып алу қаупі басым ғой", - деді Алмалы ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Меруерт Қасымова.
Олардың бірде-біреуі карантиндегі сақтық шараларын сақтамаған. Бірде-бірі бетперде не болмаса қорғаныс қолғабын кимеген екен. Тіпті, қызып жатқан ойындарын тоқтатқан үшін қариялар ашуға беріліп, ренжіп шыққан.