Шынымен де, балаларда коронавирустың негізгі белгілері ретінде дене қызуы көтеріліп, іші өтіп, құса бастайды. Бұл жайында PLoS Medicine мәлімдеді.
Артынан балалардың өкпе тұсы ауырып, өкпеге қатысты проблемалары туындай бастайды екен.
Жиналған мәліметтер көрсеткендей, ауру балалардың 76% -ында дене қызуы болса, ересектердің тек 44% ыстығы көтеріледі. Ал балалардың 62% -ында қатты жөтел пайда болып, 12% -ында іші өтіп, құса бастаған екен.