Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта Ресей Федерациясымен шекаралас жерлерде үш блок-бекет жұмысын жалғастыруда.
«Коронавирустық инфекция ошақтары анықталған жерлерде блок-бекет орнатылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осындай 11 блок-бекетте күзетте тұр », - дейді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Александр Розбах.
Аймақта COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны артты. Өткен тәулікте 25 инфекция анықталды, оның 9-ы симптомды.