Қазақстанның қаржы министрі оқшауланды
Қазақстанның қаржы министрі оқшауланды
©Сурет интернеттен алынды
207
оқылды
Бұл жайында департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Ол бұған дейін тест тапсырған болатын. Ол кезде нәтижесі теріс шыққан. Соған қарамастан еліміздің Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев оқшауланды.
Еске салсақ, 14 маусымда Қазақстанның денсаулық сақтау министрі COVID-19 ауруына шалдыққаны белгілі болды. Осыдан кейін оның бірнеше әріптестері оқшауланды, олардың арасында Білім министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та бар. Сондай-ақ, республиканың Премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус сынағынан өтті.