"Халқымыздың тапқан табысы азық-түлік сатып алуға кетіп жатыр" - Депутат Мұрат Бақтиярұлы
"Халқымыздың тапқан табысы азық-түлік сатып алуға кетіп жатыр" - Депутат Мұрат Бақтиярұлы
©Сурет интернеттен алынды
213
оқылды
"2019 жылы азық-түлік тауарларына бағаның өсуі халықтың ақшалай шығынның 50 пайызын алды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш - 10 пайыз. Тіпті Ресей мен Беларусьте бұл көрсеткіш азаматтар табысының үштен бірінен аспайды. Халқымыздың тапқан табысы азық-түлік сатып алуға кетіп жатыр. Тұрмыс деңгейі несие есебінен қамтамасыз етіледі. Халықтың қарызға кіруі әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін", - деді депутат. Мұрат Бақтиярұлы қазақстандықтардың жалақысын өзге мемлекеттермен салыстыра келе, еңбекақы көтеру мәселесін көтерді.
"Елімізде ең төменгі жалақыны миллиондаған азаматтар алады. Төменгі жалақының көлемі елдегі орташа жалақының 19 пайызына тең. Дамыған елдерде 50 пайыз. Алысқа бармай-ақ, мынадай ресми мәліметке назар аударайық. Қазақстандағы ең төмен жалақы ЕАЭО елдеріндегі Ресейден 34 мың, Беларусьтен 22 мың, Армениядан 13 мың, ал ТМД елдеріндегі Украинадан 35 мың, Молдовадан 25 мың, Әзербайжаннан 16 мың теңгеге төмен... Сондықтан, құрметті Үкімет, біз барлығын түсінеміз. Бірақ азаматтарымыздың төменгі өмір сүру деңгейі мен ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіруді тез арада қолға алу керек деп есептейміз", - деді депутат.