11 маусым күні полицияға белгісіз біреудің бес және жеті жастағы қыздарды зорламақшы болғаны жайында хабарлама түскен болатын.
Күдікті аулуда 5 және 7 жасар қыздардың ата-анасының не үлкендердің қарауынсыз жүргенін байқаған. Содан оларды айналшықтап, әрқайсысын жекелеп, алдап, көзден таса жерге алып кетпекші болған.
Осы іске байланысты бірден шұғыл-тергеу тобы құрылып, күдіктіні мекенжайы бойынша іздестіру жұмыстары басталды. Нәтижесінде, күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өзі үйленбеген, жұмысы да жоқ азамат екен. Бұған дейін сотталмаған жігіт өз ісін мойындады.
Аталған факті ҚР ҚК 121-бабы 4-тармағына сәйкес «Кәмелетке толмағанға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер оның қылмысы дәлелденсе, қылмыскер белгілі бір қызметке тұра алмайды, жұмыс та істей алмайды. Немесе өмір бойына бас бостандығынан, не 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.