Қазақстанда 2 000-ға жуық медқызметкер коронавирусты жұқтырып алған
Қазақстанда 2 000-ға жуық медқызметкер коронавирусты жұқтырып алған
©Сурет интернеттен алынды
162
оқылды
Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысын Денсаулық сақтау министрі Лязат Ақтаев мәлімдеді. 
«Коронавирус инфекциясы бар науқастардың арасында медицина қызметкерлерінің үлесі - 12 пайызды құрайды. Жалпы саны - 1904 адам. Олардың 30 пайызы жұмыс барысында жұқтырған», - деді Ақтаева.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елде 820 дәрігердің вирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Қазір маусым айында Нұр-Сұлтанның өзінде 330 дәрігер ауруға шалдыққан екен.