Адамдар ешқашан коронавирусқа қарсы тұратын иммунитетті қалыптасыра алмайды. Себебі, ағзадағы антиденелер тұрақсыз болып келеді. Бұл дегеніміз - COVID-19-дан айығып шыққандар, бұл дертті қайта жұқтыруы мүмкін дегенді білдіреді.
Мұндай тұжырымды қытайлық және америкалық ғалымдар жасады деп жазды South China Morning Post.
Сарапшылар әу баста инфекция жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болған Қытайдың Ухань қаласындағы дәрігерлері тапқан антиденені негізге алған. Сонда 23 мың дәрігердің тек төрт пайызы иммунитетін көтерді. Онда да олардың төрттен бірі инфекцияға шалдыққандар болды. Оған қоса, сауыққан соң бір айдың ішінде пациенттердің он пайызынан астамында антиденелер жоғалып кетеді екен.
Сонымен ғалымдар бұл дерттен толығымен айғып кетуін күмән келтірумен отыр.