ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Үкіметтің онлайн-отырысында уақытылы егудің арқасында жұқпалы аурулардың саны азайғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл адамдардың оба, тырысқақ, іш сүзегі, сіреспе, қызамық секілді басқа да қауіпті жұқпалы аурумен түскені тіркелмеген. Мәселен, қызылшамен ауырғандардың саны 2,8 есеге азайса, туберкулез ауруы 20 пайызға төмендеген.
«Соңғы бес айдың ішінде мониторинг жасалып 64 жұқпалы аурудың 49-ға азайғанын көріп отырмыз», – дейді Ләззат Ақтаева.