Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов машина жасау саласындағы өнімдер желісін кеңейту жоспарларымен бөлісті.
«Біздің өндірушілер өндіріс пен өнім желісін кеңейтуді, экспорттауды, сонымен қатар қосалқы бөлшектер мен көлік бөлшектерін өндіруді игеруді жоспарлап отыр" деді ол.
Соған орай, министр инвестициясы 3,6 млрд теңге болатын Claas неміс компаниясының комбайндарын құрастыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысында өндірісті ұйымдастыру туралы меморандумға қол қойды. Зауыт жылына 300 дана жабдық шығаруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, «Казростинжиниринг» ЖШС «Ростсельмаш» компаниясымен бірлесе отырып, «Влектор» зауытына инвестиция салып, комбайндар өндірісін қалпына келтірді. Қазір инвестицияның жалпы көлемі 7,5 млрд теңгені құрады. Енді жылына 800-ге жуық «Вектор» және «АКРОС» комбайндарын жинау жоспарлануда.