Subaru Форесттің жүргізушісі Қарасай батырмен шығысқа қарай бара жатқан. Ал Kia Rio-дағы такси жүргізушісі Тлендиев көшесімен солтүстік бағытына жол ұстаған. Сол көше қиылысында Subaru Форесттің жүргізушісі екінші көлікке жол бермей өтіп кетпекші болған. Сөйтіп, таксист әлгі көліктің артына соғылған. Қатты соққыдан Subaru Форест көлігі бір аударылып, төбесімен түскен.