Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Туризм

Каспий жағалауында жаңа форматтағы 5 жұлдызды қонақ үй есігін айқара ашады

Батыс Қазақстанның жаңа туристік бағыты: Rixos Water World Aktau 13 шілде күні өз есігін ашады

А.Ахметқазы
Маусым 19, 2020
Туризм, Жаңалықтар, Қазақстан
каспий

Фото ашық дереккөзден алынды

350
қаралым

Маңғыстау облысының қақ жүрегі Ақтау қаласында «All inclusive All Exclusive» концепциялы Rixos Water World Aktau атты Орталық Азиядағы ең алғашқы 5* отель ашылады.

Отель Каспий теңізінің табиғаты көркем жағажайында орналасқан. Оның өзінің жеке құмды пляжы мен мөп-мөлдір көкшіл суы бар.

Каспий Риксос

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндет!

Ақтауда паркингте үйлену тойы өткен

«Rixos Water World Aktau – Ақтау қаласының меймандары үшін де, тұрғындары үшін де бірінші дәрежелі жаңа орынға айналмақ. Қонақтардың жайлылығы үшін біз барлық жағдайларды ұйымдастырдық. Rixos Hotels желісін өзгешелендіріп тұратын ерекшелігі – әлемнің кез келген нүктесіндегі ең озық сервис. Біз Ақтаудағы отельдің концепциясын әзірлеген кезде дәл осы қағидатты ұстандық. Біздің отель жыл бойы меймандарды қабылдауға дайын әрі Орталық Азияда бірінші болып «All Inclusive» тұжырамасында қызмет көрсетеді. Жаздыгүні де, қыстыгүні де бұл өңір ерекше көркем», – деп атап өтті Rixos Water World Aktau қонақ үйінің бас менеджері Махмұт Жарымбетов.

Отель әуежайдан 42 шақырым, Ақтау қаласының орталығынан 20 шақырым (20-30 минуттық жол) жерде орналасқан.

  • Отельдің жалпы аумағы 150 000 м²

  • Жеке құмды жағажайы – 420 м

  • Күнге қыздырыну мен демалуға арналған серуендеу пирсының аумағы 500 м²

Rixos Water World Aktau өзінің меймандарына терезесінен теңіз көрінетін нөмірлер мен салтанатты виллаларды, бейнесі сұлу өлкелерді ұсынады: Deluxe тұрпатты 462 нөмір, Deluxe Suite тұрпатты 22 нөмір, Presidential Suite тұрпатты 1 нөмір мен 15 жайлы вилла, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нөмірлер бар.

Отельдің ең тартымды орындарының бірі ретінде «Water World» суда көңіл көтеретін бақты атап өтуге болады. Су сырғанақтары мен бассейндерінің әртүрлілігі мен ауқымы келушілерге ұмытылмас әсер сыйлайды: Space Boat, Flying Saw, Windigo аттракциондары, толқынды бассейн, «жалқау өзен» аттракционы мен өзге орындар баршылық. Бос уақытты өткізгіңіз келсе аталған аумақ ересектер үшін де, балалар үшін де қолжетімді болады.

Каспий аквапарк

Сонымен қатар меймандарды жылытылатын бассейндердің әртүрлілігі мен ауқымдылығы күтіп тұр: теңіз бен теңіз суын паш етер кең көлемдегі көрінісі бар бірегей «Infinity» бассейні мен спа-орталықта жабық бассейн орналасқан.

Rixos Water World Aktau келушілерін open air концертімен бірге мазмұнға толы сауық бағдарламалары, тақырыптық кештер мен фестивальдар күтіп тұр. Таза ауада демалуды жөн көретіндер отель тарапынан бұл бағыттағы ұсыныстардың бүкіл спектріне баға бере алады.

Спорт пен салауатты өмір салтын ұнататындар үшін күнделікті спорттық жаттығулар ұсынылады: скандинав жүрісі, йога, стречинг, кроссфит пен өзге де жаттығуларды жасай аласыз. Бұған қоса қонақ үйде «Exclusive sports» академиясы, кәсіби футбол алаңы мен бүкіл халықаралық стандартқа сай 7 теннис корты бар.

Бала жастағы меймандар үшін жас бойынша 4 топқа арналған (0-3 жас, 4-8 жас, 9-12 жас, 13-17 жас) Rixy балалар клубы қызмет етеді. Аниматорлардың кәсіби командасы әрбір балаға ешқашан ұмытылмас ерекше әсер сыйлайды.

Қонақтарға отель аумағындағы тамақтанудың ыңғайлы жүйесін, атап айтқанда швед үстелі немесе а-ля картты таңдай отырып, 3 мейрамханаға кіру мүмкіндігі ұсынылады. «Бәрі де қосулы»/шай, кофе, алкогольсіз сусындар базасында түрлі қызмет көрсететін 7 бар әртүрлі аумақта қолжетімді болмақ.

Арқаны кеңге салуға мүмкіндік берер бірегей атмосфера, SPA-процедуралардың түр-түрі, түрік хаммамы, римдік бассейн, қарлы бөлме, сауналар мен Anjana Spa-дағы демалыс аумағының қонақтары үшін есігі ашық болады.

Ауқымды әрі сән-салтанатты шараларды, іскерлік конференциялар мен кездесулерді ұйымдастыру үшін қонақ үйдің мүмкіндіктері бірегей. Аумағы 1300 шаршы метрлік сәнді (бал) залы мен 4 конференц-зал бизнестің іскерлік қажеттігіне жауап береді әрі олар заманның ең озық кәсіби құрылғыларымен жабдықталған.

«Rixos Water World Aktau — мемлекеттің жеке инвесторға қаншалықты жағдай жасайтынын, өлкені инженерлік желілермен және автокөлік жолдарымен қамтамасыз ететінін, ал инвестордың өз кезегінде әдемі туристік нысан салатынын көрсететін жарқын мысал. Қазақстандағы туризм дәл осындай серіктестік арқылы дамуы тиіс. Мұнда әркімнің өз рөлі бар: мемлекет кепілдіктер мен шарттарды қамтамасыз етеді, ал инвестор дәл сол орында туристік өнім шығарады. Туризмді дамыта отырып, біз негізгі проблемамен – жолдың немесе жатын орынның болмауымен бетпе-бет келеміз. Әйтсе де дұрыс ынтымақтастықтың арқасында бұл проблемалар өзінің үйлесімді шешімін табады. Еске сала кетерлігі, Каспий теңізінің жағажайы туристификацияның республикалық картасының ТОП-10 қатарына енген болатын. Бұл карта – мемлекет ең бірінші кезекте дамытатын елдің әлеуетке ие туристік бағыт-бағдары», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Еркінбаев.

Осылайша, қазақстандықтарға елдің табиғаты ең көркем өңірлерінің бірі – Маңғыстау, Ақтау қаласына сапар шеге отырып, жайлылықпен туған мекенді зерттеуде жаңа мүмкіндік туып отыр.

 
Тегтер: 5 жұлдызАқтауКаспийқонақ үй
Алдыңғы жаңалық

«Кәдесіне» қарай көлігі

Келесі жаңалық

Кеспе, макарон өнімдері қымбаттап кеткен

Ұқсас жаңалықтар

ауа райы, қар, жаңбыр, жел, боран
Жаңалықтар

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 2021
баспана
Әлеумет

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 2021
Шымкент, базар, қойма, өрт
Жаңалықтар

Шымкентте базардағы қойма өртенді

Наурыз 2, 2021
Жамбыл
Әлеумет

Жамбылда Алғыс айту күні айрықша аталып өтті

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 07:17

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 07:00

Шымкентте базардағы қойма өртенді

Наурыз 2, 07:00

Жамбылда Алғыс айту күні айрықша аталып өтті

Наурыз 2, 06:45

Жақсылыққа үндеген акция

Наурыз 2, 06:30

Air Astana 2020 жылғы EBITDAR-дың құлдырауынан кейін көрсеткіштерді жақсартып жатыр

Наурыз 2, 06:15

Жетістігі мол жетекші партия

Наурыз 2, 06:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауа райы, қар, жаңбыр, жел, боран

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 2021
баспана

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»