Торғай даласынан «Алтын бұйымды адамның» қорымы табылды
Торғай даласынан «Алтын бұйымды адамның» қорымы табылды
фото: ашық дереккөз
512
оқылды
Археологтар мұндай көне жәдігер бұл өлкеде алғаш рет кездесіп отырғанын айтады. Бұл өңірде  көне сақ тайпаларының қорымы болғанға ұқсайды. Осы жерде 20 шақты обаның орны бар. Қазба жұмыстары 2017-ші жылы басталған екен. Содан бері төрт оба зерттелген. Зерттеушілер  соңғы  қорымға сақ бекзадаларының бірі жерленген деп есептейді.    width= Тек әшекейлер ғана емес, киімдерінің өзі өте ұсақ алтын моншақтармен безендірілген. Бұйымдардың жасалуы да өте күрделі. Бұл сақ зергерлерінің шеберлігін, алтынды өндіру мен өңдеуді қаншалықты терең меңгергендігін көрсетеді. Ең бастысы әр зат - өлкенің көне замандағы тарихынан құнды деректер жеткізіп тұр.    width= Қорғаннан табылған жәдігерлер алдымен хатталып, кейін мұражайларға тапсырылады.