Азаматтардың ізгі және шынайы тілектері Елбасына күш беруде – Айдос Үкібай
Азаматтардың ізгі және шынайы тілектері Елбасына күш беруде – Айдос Үкібай
фото: ашық дереккөз
279
оқылды
Адамдардың бірлігі, олардың ізгі және шын көңілден білдірген тілектері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа күш беруде. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты. Айдос Үкібай Елбасыдан коронавирустың анықталуы туралы жаңалықтан туындаған қоғамдық резонансқа Н.Назарбаевтың реакциясы қалай болғанын айтып өтті. «Әрине де, Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай қолдау сөздерін көріп және естігеннен – сүйсінді. Бибігүл Төлегенованың видеосәлемдемесін түсіністікпен және қуана қабылдағанын айтты. Елбасы өзге мемлекет басшыларынан болсын, комбинаттардың еңбек ұжымдарынан болсын, түсіп жатқан барлық телеграммалар мен хаттарды оқиды. Нұрсұлтан Назарбаев үшін хаттардың барлығы бірдей қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың ізгі және шын көңілден білдірген тілектері Тұңғыш Президентке күш беруде. Осы жылдар бойы Көшбасшымыз халық қолдауының арқасында ғана тәуелсіз және гүлденген мемлекет құру жолындағы кез келген қиындықтар мен ауыртпалықтарды жеңіп келді», - деді Елбасының баспасөз хатшысы Сондай-ақ ол Тұңғыш Президент бүгін таңертең Алматы облысында тұратын оқушы бала Назар Нағашыбектің үндеуін оқығанын айтты. «Елбасы осы оқушыға, барлық қазақстандық және өзге мемлекет азаматтарына ризашылық білдіріп, жылы қолдау сөздері үшін алғыс айтты. Әрине, бұл күндері Нұрсұлтан Әбішұлының оқушымен кездесуі мүмкін болмас. Нағашыбек оқудағы жетістіктері туралы айтқан екен. Сондықтан Тұңғыш Президент қоры желісі бойынша түрлі бағдарламаларға қатысуға шақырту алуы мүмкін», - деп түйіндеді баспасөз хатшы. Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. «Ай басталғалы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз болды. Елбасы екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми тұлғаларды қабылдады. Оған қоса, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Жалпы алғанда телевизиялық түсірім үшін 40 адам жұмыс істеді, оның ішінде шет елдің азаматтары да бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайын медицина қызметкерлері бақылап отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи коммуникация арналарын пайдаланып қашықтан жұмыс істеп жатыр», - деген болатын А.Үкібай.