«Дем жетпей жатқан науқастардың көпшілігі коронавирусты ескермей, қонаққа барған» – дәрігер  
«Дем жетпей жатқан науқастардың көпшілігі коронавирусты ескермей, қонаққа барған» – дәрігер  
Фото: "Хабар"
5,205
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева «Хабарға» қалалық жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөліміндегі жағдай туралы айтып берді.
«28 қаңтардан бастап санасақ, жұмыста жүргенімізге бес ай болды. Үйге мүлде бармаймыз. Алғашқы күннен бастап аурухана жартылай бос қалған күн жоқ. Бірақ соңғы аптада адамдардың да, жағдайы ауыр науқастардың да саны өсті. Қазір стационарда жатқан науқастың 95 пайызы пневмониямен ауырады. Тыныс алуы қиын. Ауа жетпей жатыр. Біздің жансақтау бөлімі науқасқа толы», – дейді дәрігер телеарнаға берген сұхбатында. 
Дәрігер қазақстандықтарды сақтық шараларына баса мән беруге шақырды.
«Демігіп қалатын, жағдайы нашар, оттегі жетіспейтін науқастарды жиі көремін. 28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдықты бірінші рет көруім. Ештеңені ескермейтіндіктен, көп адам қайтыс болады.. Сыртқа шығады, қонаққа барып, адамдарға жұқтырады. Бұл – өте қиын жағдай. Бәріміздің қолымыздан антидепрессант түспейді. Басқаша болмайды. Осылай жүргенімізге төрт ай болды, бұл – нағыз тозақ. Шындығында, өте қиын», – дейді Сәуле Ағытаева. 
  https://www.facebook.com/khabartv/videos/308955806784900/ Видео: "Хабар"